Академия туралы
"Педагогикалық Ғылымдар Академиясы" ҚБ 2004 жылы академик А.К. Құсайыновтың бастамасымен белгілі ғалымдар тобымен құрылған. Академияның негізгі мақсаты-еліміздің белгілі ғалымдарының күш-жігерін біріктіре отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне үздіксіз білім беру және педагогикалық ғылымдар жүйесін дамытудағы жұмысына қолдау көрсету.
Біздің мақсаттарымыз
Үздіксіз білім беру және педагогикалық ғылым жүйесін дамытуға, рухани-адамгершілік тәрбиеге жан-жақты жәрдемдесу
Ғылыми-инновациялық қызметті, ғалымдар мен практиктердің кәсіби шоғырлануын дамыту
Білім беру жүйесіне ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелерін енгізу
Халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына, конференцияларға, Конгрестерге, симпозиумдарға және білім беру мен ғылым саласындағы шетелдік ұйымдардың қызметіне қатысу
Көбірек маңызды, перспективалы, ғылыми және инновациялық зерттеулерді іске асыру
Академия мүшелері
204
нақты мүшелерін (академиктерін)
185
корреспондент-мүшелерін
11
Құрметті академиктерді
23
Шетелдік мүшелерді
179
ҚПҒА мүшелерін
50
ұжымдық мүшелерін
ҚПҒА өзекті жаңалықтары
Nobel Fest
21-23 қараша күндері Астанада Nobel Fest жән Қазақстан Ұстаздар Саммиті өтті. Оған Анатолий Некрасов, Михаил Лабковский, Гари Боллс, Кристофер Ханднаги, Константин Северинов, Нобел сыйлығының лауреаты Оңтүстік Корея ғалымы Рае Квон Чунг және басқа да есімдері әлемде кеңінен танымал ғалымдар қатысып, білім сапасы, адам тәрбиесі, суицид, Жасанды Интеллект және адамзатты ойландырып жүрген басқа да проблемаларға қатысты өз ойларын ортаға салды. Әр жылдары «Ғалам Ұстазы» әлемдік жүлде иегерлері болған Кейшиа Торп, Сестра Зеф, дарынды педагог Марриет Уиллер дәріс оқып, мастер класс көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Рае Квон Чунгпен жолығып, пікір алмастық, Антолий Некрасовпен кітап алмасып, біраз мәселелерді тереңірек талқыладық. Абай атындағы Қазақ ҰПУ осы форумның стратегиялық серіктесі болды. Астанада оқып жүрген Абай университетінің студенттерімен кездесіп, сұхбаттастық. 3 күнге созылған Форум мазмұнды жоғары деңгейде өтті
Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының XXVIII сессиясы
Көктемгі көшпелі сессия
17 мамыр 2024 жылы Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының 28-ші сессиясы офлайн және онлайн форматта Түркістан қаласында өтті.
Алматы қаласының ХІІІ азаматтық форумы өтті
«Егемен Қазақстан» газетінде академик А. Құсайыновтың мақаласы жарияланды
БАРЛЫҚ
ЖАҢАЛЫҚТАР
Егер сіз орта білім сапасын арттыру мәселелерімен, оқулықтану ғылымының әдіснамасымен және оқулықты әзірлеу теориясымен танысқыңыз келсе, сондай-ақ сапалы оқулық жазуды үйренгіңіз келсе, "Оқулықты әзірлеу әдіснамасы және авторлардың кәсіби дағдыларын жетілдіру"курстарына шақырамыз.
"Қазақстан ПҒА Хабаршы" ғылыми журналы ҚР БҒМ БҒСБК журналды импакт фактор ҰО қазақстандық дәйексөз келтіру базасының деректері бойынша педагогикалық ғылымдар бойынша негізгі нәтижелерді жариялау үшін ұсынды 0,074"
Жыл көлемінде 6 реттен 20 мақала шығарылады
Өтінім беру және мақала жазу талаптарымен танысу үшін поштаға жазыңыз apnkaz@mail.ru