Меню сайта

Книги месяца

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының кезекті ХVІІ сессиясы өтті

    

         12 мамыр күні Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының кезекті ХVІІ сессиясы өтті.

         Сессияда «Үздік ұстаз» республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауы, «Вестник АПН Казахстана» журналының брендингі, университеттік білім беру жүйесіндегі мамандарды даярлау сапасы туралы сұрақтар қарастырылды.

         Сессия мәжілісінде Республикалық Қоғамдық Бірлестік «Совет Генералов» Төрағасының орынбасары генерал-майор Телегусов Махмуд Утегенович А.Қ. Құсайыновқа өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білім беру сапасын көтеруге қосқан ерекше үлесі үшін «Кеңес Одағының Батыры Халық Қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының» медалін тапсырды.

         Сессияда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде, Халықаралық Бизнес университетінде, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде, Алматы технологиялық университетінде, ҚР ІІМ Қарағанды полиция Академиясында жұмыс жасайтын, осы университеттердің ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған бір топ ғалымдар келіп, баяндама жасап, Академия мүшелерінің жасырын дауыс беруі нәтижесінде Академияның мүшелігіне сайланды.

         Академияның толық мүшесі болып Жеделов Құрманғазы Оразұлы сайланды.
         Академияның мүше-корреспонденті болып сайланғандар:
– Абеуова Шұға Құрманалиевна ;
– Арыстамбаева Светлана Андреевна ;
– Бексеитова Акбота Тастанбековна;
– Қажыбай Аян Төлегенұлы ;
– Мусихина Елена Владимировна ;
– Низамова Махинур Нурмухамедовна ;
– Туркенова Салтанат Сергалиевна.

         Академияның шетелдік мүшесі п.ғ.к., доцент, Набережночелны мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Мустафина Файруза Зуфаровна сайланды.