Меню сайта

Книги месяца

Бауыржан Оспанов атты кітап жарық көрді

      А.Қ. Құсайыновтың авторлығымен 2018 жылдың наурыз айында «Rond&A» баспасынан Бауыржан Оспанов атты кітап жарық көрді.
   Елімізде, Елбасы айтқандай, өзінің туған жеріне туын тігіп, ауыл жұртшылығына, әсіресе жас ұрпаққа қамқор болып жүрген меценат азаматтар бар. Солардың бірі және бірегейі – Бауыржан Оспанов.
Ауылда, көп балалы қарапайым отбасында өмірге келіп, ауыл мектебінде білім алған Бауыржан бүгінгі күндері «Қазақстанның ең ықпалды 50 бизнесмендері» мен «Қазақстанның ең бай адамдары» қатарына кіріп отыр. Ол осынша биікке қалай көтерілді?
    Кітаптың негізгі концепциясы: «Адам арқылы адам тәрбиелеу». Бұл кітапта Б.Оспановтың балалық шағы, отбасында алған тәлім-тәрбиесі, адами қасиеті, жас ұрпаққа және ауыл жұртшылығына қамқорлығы, еңбектегі табыстары тартымды жазылған.