Меню сайта

Книги месяца

2018 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласы №182 жалпы білім беретін мектепте жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

        2017 ж. 20 желтоқсанда V Республикалық байқау нәтижесі жарияланды. Байқауға Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының мектеп, лицей мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатысты.
           Жиыны 153 үміткер қатысып, 125 үміткер жеңімпаз болды. 2018 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласы №182 жалпы білім беретін мектепте жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарынан келген мұғалімдер мен оқытушылар қатысты.
Марапатты Қазақстан ПҒА президенті, академик А.Қ.Құсайынов, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Б.А. Тургунбаева, ҚР Білім беру ісінің үздігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Қ.Қ. Кунапина табыстады.
      Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, оқушылар концерттік номерлер көрсетті. Байқау жеңімпаздары өз еңбектерінің жоғары бағаланғандары үшін байқау ұйымдастырушыларына шынайы алғысын білдірді. Академияға педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге жеткен ұстаздарды анықтап, оларды марапаттап, іс-тәжірибиелерін кеңінен тарату бастамасы үшін қалалық, аудандық білім беру бөлімдері мен мектеп басқармасы тарапынан ризашылық білдірген алғыс хаттар түсіп жатыр.